Malim.kz
Денсаулық

Кесарь тілігін жасау үшін 20 мың сұраған. Таразда жаңа босанған әйел комада жатыр

Айбын Атабай
Pixabay

Жамбыл облыстық перинатальдық орталығында жаңа туған сәби шетінеп, анасы өлім аузында жатыр. Әйелдің жақындарының айтуынша, акушерлер кесарь тілігін жасау үшін 20 мың теңге ақша сұраған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.  

Астана арнасының хабарлауынша, айы-күні жетіп отырған Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаеваны аурухана дәрігерлері тексеріп, іштегі сәбидің сау екенін айтып, Жамбыл облыстық перинатальдық орталығына кесарь тілігін жасатуға жіберген.

Келіншектің туыстарының айтуынша, дәрігерлер оның медициналық картасын ашып қарамай, 7 күн жатқызып қойған. Әйел өзі босанып, 4 келі 400 грамм салмақтағы баланы дүниеге әкелген, 1 сағаттан кейін сәби шетінеп кеткен. Ал анасы ауыр халде жансақтау бөліміне түскен.

Қазір аурухана дәрігерлеріне қызметтік тексеріс басталды.

«Зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады.Тәуелсіз сарапшылар қатысады. Заң бойынша ешқандай қолақы берудің қажеті жоқ, ол тегін болу керек», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.

Дәрігерлердің ақша талап еткені дәлелденсе, қылмыстық іс ашылуы мүмкін.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары