Malim.kz
Шоу-бизнес

"Кешірім сұрамаймын": Бақыт Тұрман сынға қалған сөзіне жауап берді

• Алуа Әшірбекова
Фото: ашық дереккөзден алынған

Әнші Бақыт Тұрман "Салақтықтан бала тумаңыздар" деген пікіріне қатысты түсініктеме берді. Өнер иесі бұл сөзін балалы болуға жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізу үшін айтқанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Turkystan.kz мәліметінше, әлеуметтік желіде айтылған сынға жауап берген әнші өзінің де бес баланың анасы екенін еске салды. Ол бала өсірудің қиындығын да, қуанышын да білетінін атап өтті.

Бақыт Тұрманның түсіндіруінше, оның пікірі бала тууға қарсы бағытталмаған. Әнші болашақ жарын танып-білу, денсаулығы мен тұрмыстық мүмкіндігін ескеру және отбасын құру туралы саналы шешім қабылдау мәселесін көтерген.

Өнер иесі оқырмандарына сұхбатты толық көруге кеңес берген. Оның айтуынша, әңгіме балалы болған әйелдерді сынау туралы емес, енді ана атануды жоспарлап жүргендерді ойландыру туралы болған.

Сондай-ақ Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамдағы мәселелерге қатысты пікір білдіруді жалғастыратынын жеткізді. Ол мұндай тақырыптарды әнші ретінде ғана емес, ел азаматы ретінде қозғайтынын түсіндірді.

Өнер иесі ешкімді балағаттамағанын және өзгенің жеке өміріне араласпағанын алға тартты. Осы себепті айтқан пікірі үшін кешірім сұрауға ниетті емес.

"Мен ешқашан өзімнің сөзім үшін кешірім сұрамаймын. Өйткені ол менің өз ойым", – деді Бақыт Тұрман.

"Кешірім сұрамаймын": Бақыт Тұрман сынға қалған сөзіне жауап берді

Әнші Бақыт Тұрман "Салақтықтан бала тумаңыздар" деген пікірін түсіндірді. Өнер иесі балалы болуға жауапкершілікпен қарауды меңзегенін айтып, бұл сөзі үшін кешірім сұрамайтынын жеткізді.

Әлеуметтік желіде айтылған сынға жауап берген әнші өзінің де бес баланың анасы екенін еске салды. Ол бала өсірудің қиындығын да, қуанышын да білетінін атап өтті.

"Уайымдамаңыз! Мен де 5 бала туған анамын! Мен де білемін оның ауырлығын, қиындылығын, оған қоса қызығын да! Егер ахуалың жетіп, қалауың, денсаулығың жетіп, ерің жаныңда болып тусаң, ол – бір бақыт! Мәселе ойсыз, сенімсіз, қандай адамнан туып жатқанын танымай туғандар туралы!" – деп жазды әнші.

Бақыт Тұрманның түсіндіруінше, оның пікірі бала тууға қарсы бағытталмаған. Ол отбасын құру мен ана атану туралы шешімді ойланып қабылдау қажеттігін айтқан. Өнер иесі сөзінің мәнін түсіну үшін сұхбатты толық көруге кеңес берді.

"Бұл әңгіме сол туралы! Бұл әңгіме туып тастағандарға емес, енді туатындарға арналған! Өзіңізге сенімсіздік емес, ақыл қосыңыз!"– деді Бақыт Тұрман.

Әнші қоғамдағы мәселелерге қатысты ойын ашық айтуды жалғастыратынын да жеткізді. Оның сөзінше, мұндай пікірлерін өнер иесі ретінде ғана емес, ел азаматы ретінде білдіреді.

"Мен ешқашан бос сөз айтпаймын. Және өз парақшамда қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүремін. Мақтайтын жерде мақтап, ұнамайтын жерде айтамын. Мен оны әнші ретінде емес, мен жай ғана осы елдің азаматы ретінде, қоғамда жүрген, көзім көріп, құлағым естіп, жүрегім сезіп жүрген дүниелерді айтуға тырысамын", – деді ол.

Бақыт Тұрман ешкімді балағаттамағанын және өзгенің жеке өміріне араласпағанын алға тартты. Сондықтан айтқан сөзі үшін кешірім сұрауға ниетті емес екенін мәлімдеді.

"Мен ешқашан өзімнің сөзім үшін кешірім сұрамаймын. Өйткені ол менің өз ойым. Мен ешкімді балағаттамаймын, ешкімнің жеке өміріне өтпеймін", – деді әнші.

Бақыт Тұрман кім?

Бақыт Тұрман – қазақстандық әнші, вокал ұстазы, актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы. Ол Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінде сабақ береді. 2025 жылы “El-Women” бағдарламасына берген сұхбатында 15 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқанын айтқан.

Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей – Атырау қаласының тумалары. Екеуі бір мектепте оқыған. Әнші “Жұлдыздың жары” бағдарламасында өнерге келуі, ұстаздық қызметі және отбасылық өмірі туралы әңгімелеген.

Өнер иесі сахна мәдениеті, жанды дауыста ән айту және фонограмма мәселелеріне қатысты пікір білдіріп жүр. "El-Women" сұхбатында әншілерге атақ беру, кәсіби жауапкершілік пен өнердегі адалдық туралы көзқарасын бөліскен. Сондай-ақ бала тәрбиесі мен отбасы мәселелерін де қозғайды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары