IMAGE: qamshy.kz
Бұл туралы kaztag.kz басылымы публицист Артур Нығметовтың кітабына сүйеніп хабарлайды.
Оның "Оралдағы тайталас. 1991 жыл" («Противостояние в Уральске. 1991 год») атты кітабында осындай деректер келтірілген екен.
1991 жылы Орал облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы Нәжімедин Исқалиев Орал казактарының құйтырқы әрекеттері туралы нақты мәлімет жинамақ болады. Бірақ, облыстық КГБ-ның басшысы Червяков өз баяндамаларында бәрі тыныш деуден танбайды. Исқалиев болса, облысқа Мәскеуден Оралға Сутягин деген казак атаманы келгенін, оның Жайық казактарының 400-жылдығын тойлаудың қамын жасап қана қоймай, кейін автономия талап етуді де ойластырып жүргенін білетін.
Кітапта Исқалиев жергілікті КГБ-ның басшысынан жарытымды жауап ала алмайтынын біліп, оның қазақ орынбасарына шыққаны туралы дерек келтірілген. Осылайша, әңгіме алдымен Назарбаевқа, кейін Мәскеуге дейін жеткен. Астыртын жұмыстары жария болғаннан кейін Кремль айылын жия қойған.
Мәліметтерге қарағанда, бұл кітап сатылымға шыққан екен.