Malim.kz
Шоу-бизнес

"Кішкентай қызы қайда қалды" Жігер Ауыпбаевтың видеосы талқыға түсті

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: muztau_media.kz / ЖИ арқылы өңделген

Әлеуметтік желіде әнші Жігер Ауыпбаев пен Ақбота Сейтмағамбеттің қатысуымен түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz

Кадрда Жігер Ауыпбаев өзінің хитке айналған "Жаман қыз" әнін орындап тұрып, Ақботаны сахнаға шақырады. Әнші туындыны оған арнап орындап, кейін екеуі құшақтасып, баяу би билейді.

Желі қолданушылары қос өнерпаздың сахнадағы үйлесіміне назар аударып, түрлі пікір қалдырған. Бірі олардың дуэтіне тәнті болса, енді бірі Жігер Ауыпбаевтың жеке өміріне қатысты сұрақтар қоя бастаған.

"Жігердің кішкентай қызы қайда қалды?", "Екеуі қатты жарасып тұр", "Сахнадағы нағыз от! Ақбота өте сұлу, Жігер де керемет шоу жасады" деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, видеодағы көрініс сахналық қойылым аясында түсірілген. Ал желіде айтылған жеке өмірге қатысты болжамдарға өнер иелері әзірге пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев жұбайы Муминаның денсаулығына алаңдағанын айтқан еді. Әнші екеуінің де тамақтан уланып қалғанын жазып, жарының қиналғанын көру өзіне ауыр тиетінін жеткізген.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары