Photo: ©windows.com
Microsoft компаниясы Windows жүйесі тоқырап қалған кезде шығатын әйгілі - "өлімнің көк экранын" (BSoD - Blue Screen of Death) енді қара түсті қылмақ. Бұл туралы malim.kz тілшісі meduza.io басылымына сілтеп хабарлайды.
Сонымен бірге, экраннан ұнжырғасы түскен смайл мен техникалық қолдау сайтына апаратын QR-кодты алып тастайды.
Ескі экраннан тек қатенің коды мен тоқырауға ұрындырған драйвер туралы мәлімет қалады. Жаңа дизайн жаздың аяғында Windows 11 жаңарған кезде орнатылатын болады.
"Өлім экраны" Windows жүйесінде 1993 жылдан бері бар. 20 жыл бойы еш өзгеріссіз тұрып, 2012 жылы Windows 8 жүйесінде әуелі көңілсіз смайл қосылды, 4 жылдан кейін QR-код қосылған болатын.