Malim.kz
Спорт

Көкпардан финалдық кездесуде қазақ-қырғыз шабандоздары жанжалдасты

Сабина Асқарқызы

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан  финалдық кездесу өтіп жатыр. Ойын басталысымен Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында дау туындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ойында бірінші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Одан кейін қырғыз шабандоздары 3 салым салып, есепте алға шықты.

Бірінші кезеңнің соңғы минуттарында көкпаршылар жанжалдасып, ойын уақытша тоқтатылды. Қақтығысқа қазақ көкпаршысының қарсыласына қамшы сілтеуі себеп болған. Ойын жарты сағат уақыттан кейін ғана жалғасты.

Фото: видеодан кадр

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары