Malim.kz
Спорт

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

• Malim Админ

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды.


Бірінш тайм 3:1 есебімен Қырғызстан командасының пайдасына шешілсе, екінші кезеңде алғашқы салымды қазақтар салып, есеп 4:4-ке жетті. Ақтық кезеңде Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді. Бұған дейін қазақ пен қырғыз көкпаршылары ерегісіп, ойын уақытша тоқтатылғанын жазған едік.

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастыру бөлімі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары