Malim.kz
Оқиға

Көкшетауда әйел мен екі баласы газдан уланып қалды

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com

Көкшетауда жеке тұрғын үйде әйел мен екі қызы газдан уланды. Бұл жайында Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Анасы 1993 жылы туған, ал қыздары 2023 және 2013 жылы дүниеге келгені көрсетілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, улануға пештің жылыту жүйесіндегі ақау себеп болған. Сонымен қатар әйел түнде пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде газ жиналған.

Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеруден кейін балаларды үйіне жіберіп, анасын ауруханаға жатқызды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Абай ауданында, Шымкентте 8 адамнан тұратын отбасы газдан уланған болатын. Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Барлығы дәрігерлердің бақылауында болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиғаға түтін шығару жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары