Malim.kz
Оқиға

Көкшетауда тұрғын үйде газ баллоны өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт болған, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, пәтер ішінде газ баллоны тұтанып, кейін от ас үй жиһазына тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті. Өрт қысқа уақытта сөндірілді — жалын шамамен 2 шаршы метр аумақты қамтыған.

Зардап шеккендер жоқ. Үйден 12 адам өз бетінше эвакуацияланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары