Malim.kz
MALIMet

Көлік жүргізгенде осы 4 белгі байқалса, дереу тоқтаңыз – ІІМ ескертуі

• Алуа Әшірбекова
Жүргізуші. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу кезінде бірнеше секундқа қалғып кетудің қауіпті екенін ескертті. Ведомство жүргізушілерге ұйқы қысқанын білдіретін негізгі белгілерді атап, мұндай жағдайда сапарды жалғастырмауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметінше, ұзақ жолда шаршаған жүргізуші бірнеше секундқа еріксіз қалғып кетуі мүмкін. Мамандар бұл құбылысты "қысқа мерзімді ұйқы" деп атайды. Оның басты қауіптілігі – жүргізуші өзінің ұйықтап кеткенін байқамауы мүмкін. Кей жағдайда адамның көзі ашық тұрғанымен, миы бірнеше секундқа ұйқы күйіне өтіп, жолдағы жағдайды бақылау қабілеті төмендейді.

Үш секундта 83 метр жүріп өтеді

Полиция қысқа мерзімді ұйқының салдарын нақты мысалмен түсіндірді.

"Мәселен, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автокөлік небәрі 3 секундта шамамен 83 метр жол жүреді. Осы уақыт аралығында жүргізушінің жолдағы жағдайды бақыламауы ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін", – деп ескертті ведомство.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, кофе ішу, музыканы қатты қосу немесе көліктің терезесін ашу ұйқыны толық баспайды. Сондықтан мұндай әрекеттерді демалыстың орнына қолдануға болмайды.

Жүргізуші қандай белгілерге назар аударуы керек?

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізіп келе жатқанда ұйқы қыса бастағанын білдіретін төрт негізгі белгіні атады:

Мұндай белгілер байқалған жағдайда жүргізуші көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалуы қажет.

"Егер осы белгілерді байқасаңыз, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалыңыз. Ұйқыны жеңуге тырысып, жолды жалғастыру өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіреді", – делінген ІІМ хабарламасында.

Ұзақ жолға шығарда нені ескеру керек?

Полиция жүргізушілерге сапар алдында жеткілікті ұйықтап, демалуға кеңес берді.

Сондай-ақ ұзақ жол жүрген кезде тұрақты үзіліс жасап, шаршаған жағдайда көлік басқаруды жалғастырмау маңызды.

Ведомство ұйқысы қанбаған немесе қатты шаршаған азаматтарға рульге отырмауды ескертті.

ІІМ мәліметінше, жолдағы қауіпсіздік жүргізушінің көлік басқару кезіндегі зейіні мен сергектігіне тікелей байланысты.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары