Malim.kz
MALIMet

Коммуналдық салаға қажетті техникалар лизингке сатып алынды

• Алуа Әшірбекова
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жаңақала ауданында коммуналдық салаға қажетті арнайы техникалар пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, кәсіпорын жұмысшыларына көлік кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Аралас жол және вакуумдық машиналар, бүйірлік жүктемесі бар қоқыс тасығыш, барлығы үш техника "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы лизингке сатып алынды. Бұл – өңір аудандарындағы алғашқы тәжірибе.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес коммуналдық саланы жаңғырту, техникалық мүмкіндігін арттыру және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Күнделікті өмірімізді коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегінсіз елестету мүмкін емес. Бүгін кәсіпорынға жаңа техникалардың табысталуы – елді мекендердің тазалығы мен көркеюі үшін жасалған нақты қолдаудың көрінісі. Коммуналдық техникаларды лизингке сатып алу бойынша бастаманы басқа аудандарға да таратуымыз керек, – деді Нариман Төреғалиев.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары