Malim.kz
Саясат

Конституцияның Преамбуласы толықтай басқа редакцияда ұсынылады

Айбын Атабай
видеодан скрин

Конституцияның Преамбуласы толықтай басқа редакцияда ұсынылады. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 4-отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов айтты.

Конституция бөлімдерінің атауларын өзгерту немесе баптардың мазмұнын нақтылау жай редакциялық түзету емес. Бұл тұжырымдамалық ұстанымдарды өзгертетін құқықтық нақтылықты күшейтетін және негізгі заңның сапасын арттыратын маңызды әрі терең ойластырған қадам. Нәтижесінде, өзгермелі өмірде түрленіп жатқан қоғамдық қатынастарға сай келетін құқықтық нормалар белгіленбек, — деді Бақыт Нұрмаханов.

Оның айтынша, Конституцияның Преамбуласы жаңа жалпыұлттық құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, толықтай басқа редакцияда ұсынылады.

Онда негізгі заңды қабылдаудың іргелі мақсаттары, қағидаттары, құндылықтары мен уәждер айқындалған. Мемлекеттің миссиясы, оның тарихи сабақтастығы мен қоғамдық бағдарды айқындайтын мәдени ерекшеліктері көрсетілген. Бұл ережелер жиі қайта қарауға жатпайды және ұзақмерзімді перспективада өзектілігін сақтайды. Аталған базалық қағидаттар қоғам мен мемлекеттің даму векторын айқындап, Конституцияның барлық нормасын түсіндіруге шешуші ықпал етеді, — деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары