Malim.kz
Шоу-бизнес

«Көп күттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова анасына баспана сыйлады

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова анасына ерекше сыйлық жасады, деп жазды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жаңа жыл қарсаңында актриса анасына су жаңа пәтерді тарту етті. Жұлдыз анасына сыйлығын немерелерімен бірге табыстаған.

«Бұл күнге ұзақ дайындалдым. Көп күттім, армандадым, қатты қаладым. Осы сәт үшін шаршамай еңбек еттім. Шүкір. Таңертең анашымды таңғы асқа деп алдап алып шықтық. Маған әлемнің жарығын сыйлаған анашыма қандай сыйлық тарту етсем де, өтелмес борышым бар деп білемін», — деп жазды актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары