Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитов, Мұратбай Әжібаев 12 ықшам ауданындағы «Сити» сауда орталығында тұрғындарға сайлауалды үгіт-насихат айтып, парақшалар таратып, алдағы сайлауға шақырды.
Тұрғындарға үгіт-насихат парақшаларын тарату барысында Айгүл Арынғазиеваға жолыққан қала тұрғыны «Nur Otan» партиясын ақтөбелік көпбалалы аналардың барлығы қолдайтынын жеткізді.
Алдағы сайлаудың 10 қаңтар күні болатынын айтқан кандидат, «Nur Otan» партиясының жеңіске жететініне сенімді.
-Өміріміздің жарқын болашағаны армандасақ, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Партия алдағы сайлауда қала бойынша негізгі жеті бағытын ұсынды. Жоспарымызды халықпен бөлісіп, қашан да қуанытып жүргіміз келеді. Алдағы уақытта, яғни бес жылдық жоспар бойынша қаламызда көптеген өзгерістер болады. Жаңа үй, мектеп, жұмыс орындары салынады. Жастарымыз жұмысқа толықтай орналасуға мүмкіндік алады. Жаңа зауыттар өз жұмысын бастайды. Қаламызда бейнекамералар орнатылып, қапуіпсіз әрі жайлы қалаға айналады. Мәдениет саласынан да оң өзгерістер күтеміз. Газ, су, жарық жетпеген аймақтар тізімге алынды. Жоспар бойынша барлығы орындалатын болады. Сондықтан алдағы сайлауда міндетті түрде ақтөбелітердің көбі біздің партияға дауыс береді деп сенемін,-деді Айгүл Арынғазиева.
Ал Талғат Хамитов болса алдағы сайлаудың маңыздылығын айтып, алдынан кездескен әр тұрғынды сайлауға шақырды. Оның айтуынша, осы жолғы сайлау бұрыңғы сайлауларға қарағанда өзгеше екен.
Үгіт-насихат парақшасын алған әр тұрғын алдағы сайлауға баратындарын жеткізді. «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, сәттілік тіледі. Ал Мұратбай Әжібаев болса партия бағдарламасындағы азық-түлік саласының жаңа өзгерістерін айтты. Жыл сайын дамитын экологиялық салаға тоқталып, ақтөбелік тұрғындарға қашан да қолдау білдіретінін айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді