Malim.kz
Оқиға

Көпір астынан ер адамның сүйегі табылды

• Malim Админ

25 ақпанда Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан, Спорт сарайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim сайты.

Полиция ақпаратты растады.

«Марқұмның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған», - деді ШҚО Полиция департаменті.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: osken-onir.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары