"Сүйікті әндер, орындаушылар және «Ғашықпын саған» фильмінің актерлері сіздерді ұмытылмас кешке шақырады!", - деп хабарлайды Malim.kz.
“Ғашықпын саған” Fest
📅 14 сәуір | 🕗 20:00 | 📍 Almaty Arena
🎫 Билеттер: kino.kz
Енді Ғашықтар күніне қандай сыйлық беруді ойлап бас қатырмай-ақ қойсаңыз болады!
Көрерменнің жүрегінен орын алған «Ғашықпын саған» фильмінің лейтмотивтері мен саундтректері енді концерттік сахнада. Бұл Қазақстандағы алғашқы мұндай тәжірибе – фильмдегі барлық сүйікті әндер, кейіпкерлер мен орындаушылар бір кеште сіздерді ұмытылмас көңіл-күйге бөлей алады.
Әлемдік тәжірибеде осындай мысал бар: мысалы, «The Greatest Showman» фильмі прокаттан кейін әлемдік тур ұйымдастырған еді. Енді біздің елімізде де көрермен сүйікті фильмін концерт форматында тамашалай алады.