Malim.kz
Сұқбат

Коронавирус: Бір күнде 4, бір аптада 21 адам көз жұмды

Malim Админ

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 14 маусым күні коронавирус індетінен төрт адам қайтыс болды.

"Нұр-Сұлтан қаласында - 1941 жылы туған әйел адам, Павлодар облысында - 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысында 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам коронавирустан қайтыс болды", - делінген  коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.

Осы аптаның басынан бері коронавирустан 21 адам қайтыс болды. COVID-19 эпидемиясы басталғалы бері бұл елде бір аптаның ішінде вирустан қайтыс болғандардың ең жоғары көрсеткіші.

Ал індет басталғалы бері елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 77-ге жетті.

Соңғы мәлімет бойынша, елде коронавирусқа 14 496 адам шалдыққан, бұл статистикаға кірмеген 4402 адамда ауру симптомдары байқалмаған. 9 188 адам аурудан айықты.

Фото: BaigeNews.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары