IMAGE: © fb.com
TechCrunch хабарлайды. Meta компаниясының иесі Марк Цукерберг көптен айтылып жүрген "ақылды" көзілдіріктің презентациясын өткізді. Алайда кейбір дүниелер дұрыс жұмыс істемей, әжуаға қалды.
Meta компаниясы ақыры атышулы Ray-Ban смарт-көзілдірігі мен бұлшық еттің әлсіз тітіркенуін байқап қалатын нейробілезігін көрсетті.
Презентацияға Марк Цукербергтің өзі келді. Ол смарт-көзілдіріктің көмегімен мәтін теріп көрсетті. Айтуынша, минутына 30 сөз жылдамдықпен теруге болады екен.
Смарт-көзілдіріктің тағы бір мүмкіндігі - видеоқоңырау болатын. Алайда, Цукерберг жұрттың көзінше өзінің техникалық директоры Эндрюге WhatsApp арқылы қоңырау шала алмады. Ишараны аңдайтын нейробілезік жұмыс істемей қалыпты. Цукерберг ақыры техникалық директорды залға шақырып, презентацияның келесі бөлігін көрсете беруді өтінді.
Бұған қоса, көзілдіріктің көмегімен тамақ дайындамақ болған шеф-аспаз Джек Манкузода ұятқа қалды. Ол қанша сұрағанымен, ЖИ-көмекші тамақ дайындаудың басқа кезеңін айта берді.
Ray-Ban Display смарт-көзілдірігін сату биылғы 30 қыркүейкте АҚШ-та басталады. Бағасы 799$ болады деп хабарланды.