Malim.kz
Оқиға

Крис Браунға сот 13 миллион доллар төлеуді міндеттеді

Айгүл Таңатар
prostars.org

Америкалық әнші Крис Браунға қатысты бірнеше жылдан бері қаралып келген азаматтық іс аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

АҚШ соты орындаушыны бұрынғы үй қызметкеріне 13 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Іс әншінің үйіндегі иттердің әйелге шабуыл жасауына байланысты қозғалған.
Жәбірленуші сотта шабуыл кезінде ауыр жарақат алғанын, иттердің оны бірнеше минут бойы талап, өміріне қауіп төндіргенін мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін оған бірнеше операция жасалып, ұзақ уақыт ем қабылдауға тура келген.

Бұл Крис Браунның мансабындағы кезекті даулы оқиғаға айналды. Әнші бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына бірнеше рет ілінген. Аталған жағдай оның қаржылық және іскерлік жобаларына әсер етері сөзсіз.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары