Malim.kz
Спорт

Криштиану Роналду алғаш рет Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы
«Әл-Наср»

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» клубы Сауд Арабиясы Про-Лигасының 34-турында «Дамак» командасын 4:1 есебімен жеңіп, маусым чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шешуші кездесу Эр-Рияд қаласында өтті. Матч барысында Роналду 62 және 80-минуттарда екі гол соғып, дубль авторы атанды. Сондай-ақ «Әл-Наср» сапынан Садио Мане мен Кингсли Коман да мергендік танытты. Қарсылас командадан Морлай Силла пенальтиден бір гол соқты.

Маусым қорытындысы бойынша «Әл-Наср» 86 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Екінші орынды 84 ұпаймен «Әл-Хилал» иеленсе, «Дамак» маусымды 16-орынмен аяқтады.

Бұл чемпиондық Криштиану Роналду үшін Сауд Арабиясындағы алғашқы титул болды. Бұған дейін ол Англия Премьер-лигасында «Манчестер Юнайтедпен», Испанияда «Реал Мадридпен» және Италияда «Ювентуспен» чемпион атанған.

41 жастағы шабуылшы осы маусымда 28 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені атанды және лиганың бомбардирлер тізімінде екінші орынға жайғасты.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары