Каспий құбыр консорциумына тағы да дронмен шабуыл жасалды. Энергетика министрлігі қазіргі жағдай туралы шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмысын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. ҰҰА шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмысы алдын ала тоқтатылды.
«Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілді», – делінген хабарламада.