Malim.kz
Экономика

КТК Қазақстан мұнайын қабылдауды уақытша тоқтатты

Айгүл Таңатар
forbes.kz

Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты саналатын Каспий құбыр консорциумы (КТК) Қара теңіздегі терминалында болған дрон шабуылдарынан кейін Қазақстаннан мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz. Reuters агенттігінің дерегіне сүйеніп. Аталған ақпарат құралының жазуына қарағанда, салалық үш дереккөз бұл шешімнің теңіз арқылы мұнай тиеудің тоқтауына байланысты қабылданғанын айтқан. Екі дереккөздің мәліметінше, терминалдағы мұнай сақтау резервуарлары толып қалған.
КТК арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының шамамен 80 пайызы тасымалданады. Сондықтан бұл бағыттағы кез келген іркіліс елдің мұнай экспортына және әлемдік нарыққа әсер етуі мүмкін. Шабуылдардан кейін КТК-ның Қара теңіздегі терминалына бағыт алған кемінде екі танкер бағытын өзгерткен. Консорциум жағдайға қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартқан.
КТК акционерлерінің бірі саналатын Chevron компаниясы жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеп, қызметкерлердің қауіпсіздігі басты басымдық екенін жеткізді. Мамандардың сараптауынша, Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық дәлізіндегі мұндай үзіліс жаһандық мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп, мұнай бағасына қысым түсіруі ықтимал.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары