Malim.kz
Экономика

Куба вице-президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Куба вице-президенті Сальвадор Вальдес Месаны Астана халықаралық әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мейман 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысатын Куба елінің делегациясын бастап келді.

“Сізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ыстық ықыласпен қарсы алуға қуаныштымын. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Форум дәстүрлі түрде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мен күшейтуге бағытталған. Сонымен қоса негізгі басымдық жасанды интеллектке беріліп отыр”,- деді Арман Шаққалиев.

Өз сөзінде Куба Вице-президенті маңызды шараға шақыртуды қуана қабыл алғанын жеткізді.  ЕАЭО 2020 жылы Кубаға бақылаушы ел статусын берді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары