2018 жылы Астанада ауыр күйік шалған Даша Жуковаға бүгінге дейін 11 ота жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеп Malim.kz.
8 жыл бұрын Жуковтар тұрған баспанада өрт шыққан. Қыздың анасы Людмила Жукованың айтуынша, сол кезде төрт айлық қызы III және IV дәрежелі ауыр күйік алған.
Балаға оң қолындағы төрт саусағына ампутация жасалған. Қайғылы оқиғадан бері оған жалпы 11 ота: оның тоғызы бетіне, екеуі қолына жасалған. Алғашқы операция кезінде зақымданған аумақтарды жабу үшін санынан бетіне тері алынған.
Жақында қызға кезекті операция жасалып, әрі қарай ем жүргізу аясында жұмсақ тіндерді созуға арналған тіндік экспандер орнатылған.
Людмила Жукова төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, қазір дәрі-дәрмек пен оңалтуға қаражат қажет екенін айтады. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Олардың табысы - баланың мүгедектігі бойынша берілетін зейнетақы мен күтім жасауға арналған жәрдемақы.