Malim.kz
MALIMet

"Күшті ағай, керемет түсіндіреді!". Сандырақтың сүйкімі.

Ереке Базарқұл
© Youtube

1970 жылы Оңтүстік Каролина университетінің (АҚШ) Джон Уар, Дональд Нафлтин және Фрэнк Донелли атты үш ғалымы зерттеу жүргізіпті.

Олар - студенттердің лектордың айтқанына емес, кескін-келбетіне, мәнеріне назар аударатынын дәлелдемек болыпты.


Ол үшін кәсіпқой актер жалдайды. Оның киім киісі, жүріс-тұрысы, сөз сөйлеуі, жалпы харизмасы керемет болатын. Ол - Майрон Фокс деген ұстазды сомдауы тиіс.

Зерттеушілер жалған ұстаздың оқитын лекциясын қойыртпақ қылып береді. "Медицинада ойын теориясын қолдану" деген мағынасыз тақырып ойлап табады. Жалпы, лекцияны - ғылыми көрінгенімен, түк мағынасы жоқ қылып ойластырады.

Күткендей, "жаңа ұстаз" лекцияны тамаша оқып шығады. Сөздерінің түк мағынасы болмаса да, студенттер ұйып тыңдайды. Біреуінің де басына "медицинадағы қайдағы ойын теориясы?" деген ой келмейді. "Ұстаз" лекцияны мәнерлеп түсіндіріп қана қоймай, арасында қалжыңға ерік береді.

Лекциядан кейін, студенттерден "жаңа ұстазды" бағалауды сұрағанда, олар:

т.с.с. деген сияқты пікір айтыпты.

Бір де студент лекцияның мазмұны сандырақ екеніне мән бермеген. 

Сол уақыттан бері бұл құбылыс "сүйкімді сандырақ" деген атпен белгілі. Осы күні мазмұннан гөрі өзін сатуға шыққандар көп, ендеше осындай бір оқиға болғаны қаперіңізде жүрсін.

malim.kz, The Doctor Fox Lecture: A Paradigm of Educational Seduction зерттеуі негізінде.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары