Malim.kz
Білім-ғылым

Күтпеген дерек! Мектепте телефон ұстаған оқушылардың ата-аналарына қанша айыппұл салынды?

Қайсар Қанат
Евгений Епанчинцев / РИА Новости

Сенат кулуарында Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Майра Мелдебекова сабақ барысында ұялы телефон қолданған оқушылардың ата-аналарына қатысты жауапкершілік мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, елімізде оқу кезінде смартфон пайдалануға тыйым салынған. Алайда егер сабақ жоспарына сәйкес ақпараттық технологияларды, электронды оқулықтарды немесе арнайы қосымшаларды қолдану қажет болса, мұғалімнің рұқсатымен телефонды пайдалануға болады.

Вице-министрдің мәліметінше, осы талаптардың бұзылуына байланысты мұғалімдер тарапынан ешқандай шағым түспеген.

"Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, сабақ кезінде смартфон ұстағаны үшін оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу деректері тіркелген жоқ", – деді Майра Мелдебекова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары