Malim.kz
Шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы сыр айтты

Алуа Әшірбекова
Фото: әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы әсерлі жазба жариялап, қоғамдағы әйелдердің жасына қатысты қалыптасқан стереотиптерге назар аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, анасы еліміздегі қарапайым зейнеткерлердің бірі. Ол ай сайын шамамен 150 мың теңге зейнетақы алады. Алайда қаражатын көбіне өзіне емес, той-томалаққа, немерелеріне және жол шығындарына жұмсайды.

Ләйлә Сұлтанқызы анасының өзіне әдемі немесе ашық түсті киім алғысы келген кезде "Ел не дейді?", "Жасыма сай емес шығар" деп ойланатынын жеткізді.

"Қазақстанда 70 жастан асқан шамамен 1,1 миллион адам бар. Оның 720 мыңнан астамы әйелдер. Неге біз әйелді зейнетке шыққан күні-ақ сәннен де “шығарып саламыз”? “Ашық түсті жастар кисін”, “Жасыңа сай киін”, “Елден ұят”. Осы сөздер апаларымыздың гардеробынан түсті ғана емес, өзін әйел ретінде сезіну құқығын да, сенімін де алып қойды", – деп жазды тележүргізуші.

Ол әйел адамның жасы ұлғайған сайын өмірінде шектеу емес, керісінше еркіндік көбірек болуы керек екенін атап өтті.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары