Malim.kz
Спорт

Ламин Ямаль экс-Премьердің даулы мақаласына парасатты жауап берді

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөз

Футболдан Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль Францияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында Испанияның бұрынғы премьер-министрі Мариано Рахойдың даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Рахой өз мақаласында Франция құрамасында «бірде-бір француз ойыншысы жоқ» деген мазмұндағы пікір айтқан болатын Ямаль бұл дауға тереңдемей, "футболдың басты миссиясы - адамдарды біріктіру" екенін жеткізді.
Испанияның бұрынғы премьер-министрі Мариано Рахой ұлттық құрама ойындарынан кейін El Debate басылымына тұрақты түрде авторлық баған жазып жүр. Оның жуырда жарияланған мақаласы әлі күнге дейін қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Рахой Испания құрамасының Бельгиямен кездесудегі ойынына оң баға бергенімен, мәтінде қолданған бірнеше пікірі негізгі ойын талдауынан гөрі оқырмандардың назарын өзіне аударды. Соның салдарынан экс-премьердің сөздері әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен талқыланып, нәсілшілдікке қатысты айыптауларға да себеп болды.
Өзінің авторлық мақаласында Рахой «қызылдар» өзіне ұнамайтынын және олардың елге ешқашан жақсылық әкелмегенін мәлімдеді. Бұл сөздердің өзі-ақ қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Алайда дау мұнымен шектелмеді. Бұрынғы премьер кейін Франция құрамасы мен оның ойыншыларының шыққан тегіне тоқталды. Ол «көктерді» әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі деп бағалағанымен, «олардың сапында бірде-бір француз ойыншысы жоқ» деген даулы пікір айтты.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары