Атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси әкесі Хорхе Мессиді ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі 9 тамызда Аргентинада өткен, деп хабарлайды Malim.kz.
Аргентиналық Clarín басылымының мәліметінше, жерлеу рәсімінен кейін Месси отбасы мүшелерімен бірге қауіпсіздік шаралары күшейтілген зират аумағынан кеткен.
Футболшы мен оның жақындарын Аргентинаға жеткізген жеке ұшақ кейін Майамиге бос қайтқан. Ал Мессидің Аргентинада қанша уақыт қалатыны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар футболшы әкесін жерлеу кезінде отбасының жеке өміріне қол сұқты деп есептейтін бірқатар аргентиналық БАҚ-қа қатысты заңды шара қолдануға ниетті.
Аргентиналық журналист Фран Касареттоның сөзінше, Месси қоштасу рәсімі кезіндегі әрекеттерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы сотқа жүгінуге дайындалып жатыр.
Бұған дейін БАҚ-та Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы агенті болған Хорхе Мессидің 68 жасында қайтыс болғаны хабарланған. Мәліметтерде оның ұзақ уақыт сырқаттанып жүргені айтылған.