Malim.kz
Сұқбат

 «LRT ісі» бойынша іздеуге жарияланған күдіктілер қайда жүр?

Malim Админ

«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркия аумағында, ал астана әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та жасырынуы мүмкін.

Қазақстан Түркияның құзыретті органдарына Арданды беру туралы сұрау жіберді. Бұл өтініштің негізінде Стамбул қаласының Бақыркей ауданының қылмыстық соты «Astana LRT» компаниясының экс-басшысын қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланғаны жайлы хабарлаған болатын. Алайда Интерполдың ресми сайтында жарияланған іздестіріліп жатқан адамдардың арасында бұл екеуінің болмауы көптің талқысына қалды. Бас прокурор Ардан мен Сұлтанбековтың сайтта неге көрсетілмегенін былай деп түсіндірді:

Ал Ардан мен Сұлтанбеков жайлы ақпарат Интерполдың деректер базасында орналастырылған, ол Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына қатысушы елдердің құқық қорғау органдарына арналған жəне тек солар ғана пайдаланады.

Тергеу барысында LRT жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңге ақша жымқырылғаны анықталды. Алайда Сұлтанбековтің жəне Арданның тікелей жымқырған үлестері әлі анықталмаған болып шықты.

Десе де сот Сұлтанбековтіңатынатіркелгенқұны 3 млрд теңгеден асатын мүлікті пайдалануға тыйым салды. Әңгіме Алматы қаласында салынғантұрғынемесүй-жайы бар жеручаскесі мен пəтер жайында болып отыр.

Ал Арданның тыйым салынуға жəне тəркіленуге жататын мүлкі анықталмапты.

 

 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары