Malim.kz
Сұқбат

LRT ісі. Сот үкімнің күшін жойды

Malim Админ

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «LRT ісі» бойынша түскен апелляциялық шағымдарды қарап,  28 мамырда шығарылған үкімнің күшін жойды.  Іс прокуратураға «басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін» қайтарылды. Прокурорлар істі біржақты емес, жан-жақты қарау керек. Бұл уақытта сотталушылар қамауда қала бермек.

Естеріңізге салсақ, қылмыстық іс бойынша жеті адам сотталып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Олар:

Мердігерлердің өкілдері Ұлықбек Ачилов, Дәурен Әбдіхамитов, Дулат Мусенов және Тимур Қасабаев.

Сотталушылар «LRT жобасындағы жемқорлыққа» қатысы барын мойындамады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі ақша жымқыру схемасын елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков және «Астана LRT» компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан ұйымдастырған деп мәлімдеген. Алайда, олар әлі бостандықта. Агенттік таратқан ақпаратқа сенсек, екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған. Қызығы, «Интерпол» сайтында Қазақстан іздеу салған азаматтардың арасында Сұлтанбеков те, Ардан да жоқ.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары