Malim.kz
Білім-ғылым

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Комиссия отырысында магистратура грантына үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурстық негізде жүргізілді.

Биыл магистратура гранттарына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына сұраныс жоғары болған.

Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және министр Саясат Нұрбектің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Магистратураға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары