Malim.kz
Шоу-бизнес

«Майамиде той жасаймыз». Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығып, мәһрге не сұрағанын айтты

Сабина Асқарқызы

Танымал әнші және актриса Айгүл Иманбаева "Мамский әңгіме" подкастында тұрмысқа шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі мәңгілік махаббатын жолықтырып, Майамиде үйлену тойын жасайтынын айтты.

"Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге Lamborgini көлігін сұрадым. "Қазақша үлкен той жасағың келе ме? Алматыда өткізейік" деп сұрады. Мен қарсы болдым. Десе де ет-жақындарымызға Майамиде ақпан айында той жасаймыз деп шештік", – деді актриса.  

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары