Malim.kz
Сұқбат

Мамайға митинг өткізуге рұқсат берілді

Malim Админ

13 қыркүйек күні Алматы несиені амнистиялауды талап ету мен жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы митинг өтеді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, митинг Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда жексенбі күні сағат 11:00­-14:00 аралығында өтпек.

Бейбіт жиынның ұйымдастырушылары тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясы мен азаматтық белсенділер. Қазақстан демократиялық партиясының басшысы Жанболат Мамай.

Митинг өткізуге Алматы қаласының әкімдігі рұқсар берген. Кез келген адам қатысуға болатын жиынға санитарлық талаптарды қатаң сақтау міндеттелген.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары