Malim.kz
Денсаулық

МӘМС: қаржының тиімді жұмсалуы қатаң қадағаланады

Айгүл Таңатар
https://atr.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін Қазақстанда жаңа цифрлық бақылау тетіктері енгізіледі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.


Жаңа модельдің басты ерекшелігі – медициналық ұйымдарға төлем жасалғаннан кейін тексеру жүргізу емес, төлемге дейін күмәнді операциялардың алдын алу. Осы мақсатта Қор Qalqan IT-платформасын, автоматтандырылған антифрод жүйесін және тәуекелдерді бағалайтын цифрлық талдау құралдарын іске қоспақ.


Жаңа жүйе нақты уақыт режимінде жалған медициналық қызметтерді, көрсетілген қызмет көлемін негізсіз ұлғайту фактілерін және өзге де ықтимал заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтар өз атына қандай медициналық қызметтер рәсімделгенін тексеріп, егер іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер анықталса, бұл туралы Қорға тікелей хабарлай алады.
Жүйеге жауапты қордың мәліметі бойынша, аталған өзгерістер МӘМС қаражатының ашықтығын арттырып, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары