Malim.kz
Құқық

Маңғыстау колледжінде ірі көлемде қаражат жымқыру дерегі анықталды

• Мәди Саматұлы

Маңғыстау облысы прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізіп, ірі көлемдегі қаражат жымқыру дерегін әшкерелеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген 243 млн теңге көлеміндегі қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, осылайша бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықталған.

Осы дерек бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалған.

Фото: Halyq Uni

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары