Malim.kz
Саясат

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Айшолпан КЕРІМ

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды akorda.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды" - делінген хабарламада. 

57 жастағы Серікбай Трұмов үш күн бұрын 2019 жылдың 7 қыркүйегінен бері атқарып келген Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылған болатын.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары