Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда 18 адамды улы өрмекші шаққан

Айбын Атабай
egov.kz

Маңғыстау облысында қарақұрттардың көбеюіне тұрғындар алаңдап отыр. Биыл өңірде улы өрмекші шаққан 18 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Басылымның жазуынша, мамандар мұны жауын-шашынның көп түсуімен байланыстырады. Сонымен қатар бірқатар медициналық мекемелерде қарақұрт уына қарсы сарысу қорының жеткіліксіз екені айтылды. Сол себепті кей науқастар облыс орталығындағы ауруханаларға жеткізіледі.

Облыс әкімдігінде өткен арнайы кеңесте барлық қала мен ауданда антидот қорын толықтыру, дезинсекциялық жұмыстарды күшейту және халық арасында түсіндіру шараларын жүргізу тапсырылды.

Соңғы он күнде қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары