Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда белгісіз адамдар екі жасөспірімді соққыға жықты

Сабина Асқарқызы
Бейнежазбадан скриншот

Маңғыстау облысында белгісіз адамдар екі жасөспірімді ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Оқиға куәгерлердің бірі түсіріп алған бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, оқиға Ақтау қаласының 20-шағынауданында болған көрінеді. Бейнежазба авторының айтуынша, бірнеше адамнан құралған топ екі жігітке шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан. Жастар арасындағы жанжалдың бір бөлігі тұрғын үйдің терезесінен түсірілген екен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталған. Олар 17 жастағы жасөспірімдер болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасағандар жәбірленушілермен таныс болған. Оқиғаның мән-жайы мен жанжалдың себептері анықталуда. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары