Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда ірі контрабанда әрекетіне тосқауыл қойылды

Сабина Асқарқызы
Lada.kz

Маңғыстау облысында кеденшілер азық-түлік ретінде рәсімделген жүк арасынан жасырын контрабандалық тауарларды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған оқиға өңірдегі «Тәжен» автомобиль өткізу бекетінде тіркелген. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, тексеру ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп жүргізілген. Ресейден Тәжікстанға бағыт алған көлік құжаттарында крахмал, қант, тәттілер, сірке суы мен сода сияқты азық-түлік өнімдері көрсетілген.

Алайда инспекциялық-тексеру кешені арқылы жүргізілген бақылау барысында жүктің мазмұны күмән тудырып, декларацияда көрсетілген тауарлар мен нақты жүк арасында айтарлықтай сәйкессіздік анықталған. Қазіргі уақытта толық кедендік тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар жүктің нақты құрамын, көлемін және құнын анықтауда. Тексеру нәтижесіне сәйкес заңнамаға сай тиісті шешім қабылданады.

Ведомство өкілдері тауарларды жасыру немесе жалған мәлімет көрсету әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, тасымалдаушыларды кедендік талаптарды қатаң сақтауға шақырып отыр. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары