Malim.kz
Сұқбат

Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің 77 пайызы коронавирус вакцинасын алды

• Malim Админ

Маңғыстау облысында медицина саласы қызметкерлерінің 77 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау баскармасының мәліметінше, 7.2 мыңнан астам медицина саласының қызметкері COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алды. «Маңғыстау облысы бойынша жалпы медицина қызметкерлерінің саны 10 мыңнан асады. Оның ішінде 9 376 вакцина алушылар қатарына кіреді. Бүгінде екпе алғандар саны 7 206 ақ халатты абзал жандарды құрайды. 77% жетіп отыр», делінген хабарламада. Ағымдағы мәліметтер өңір тұрғындарының вакцина алуда белсенділігі артқанын көрсетті. Екпе пунктеріне келгендердің қатары көбейген.


Malim Админ
Автордың басқа материалдары