Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлапты. Басылым, Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасының «Ymit Mangystau» қоғамдық қорына берген жауабын келтіріпті.
Мекеменің берген мәліметі бойынша, биыл 26 қыркүйек күні Бейнеу ауылында құтырудан 1 адамның өлімі тіркелген. Диагноз анамнездік және клиникалық мәліметтер бойынша қойылған.
Марқұм биылдың 18 тамызында жабайы тарғыл мысық тырнап алғанын айтыпты. Оқиға туралы сол кезде ешкімге айтпаған екен.
Бейнеу аудандық ветеринарлық станциясы әр аулаға барып, ауылдағы барлық жануарды тексеруден өткізген. Құтыру белгілері бар жануар тіркелмепті.
Өз кезегінде, мамандар жануарлар тістеп, тырнап алған және сілекейі тамған жағдайда мединциналық көмекке шұғыл жүгіну қажетін ескертеді.