Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда қайық мінген ер адамды дауыл ашық теңізге алып кеткен

Айбын Атабай
ҚР ТЖМ

Кеше Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді.

Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған.

Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары