Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда жасөспірім полицейлердің машинасына соғылған

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Бейнеу ауылында бейнебақылау камералары патрульдік автокөлік пен Toyota Camry қатысқан жол апатының сәтін түсіріп алған, деп хабарлайды Malim.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 25 қарашада болған. Жазбада жеңіл көліктің жоғары жылдамдықпен келіп, полицияның қызметтік машинасына соғылғаны анық көрінеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, рөлде 17 жастағы жасөспірім болған.

Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен кәмелетке толмаған баласына көлік айдауға рұқсат бергені үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызметтік тексеріс тағайындалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары