Malim.kz
Білім-ғылым

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Мәди Саматұлы

Маңғыстаулық 450 педагог-психолог пен әлеуметтік педагог мамандар білім жетілдіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қолдау» орталығы» жекеменшік мекемесі Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасын жүргізіп жатыр.

Жоба аясында 22-23 қазан күндері 3 модульдік 2 күндік эвристикалық оқыту курсы өтеді.

Курс аясында 450 педагог-психолог және әлеуметтік педагог мамандар білім жетілдіреді. Курсты халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшылар жүргізеді.

Екі күн бойы толық 8 сағатты қамтитын оқыту курсында мамандар «Эмоционалды интеллект», «Әлеуметтік психология» және «Девиантты мінез- құлықтағы жастардың мәселесін шешу, алдын алу жұмыстары әлеуметтік жобалар арқылы» тақырыптарында білім мен тәжірибе ұсынады.

Фото: «Қолдау» орталығы» жекеменшік мекемесі

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары