Белгілі әнші Мақпал Жүнісова концерттердің бірінде сөз сөйлеп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде ағынан жарылды.
Сіздермен ғана менің мерекем. Сіздер – менің барымсыздар, сіздерге басымды иемін. Аман болыңыздар! Сіздер жоқ болсаңыздар әнді кімге айтамыз?! Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз. Өздеріңіз еркелетесіздер, у берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер, - деді Мақпал Жүнісова.
Фото: әлеуметтік желі