Malim.kz
Құқық

Мас күйде ота жасаған хирург. Қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

Қостанай облысында операция кезінде пациенттің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіге тараған видео мәліметтеріне қарағанда, операция барысында ер адам көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, ота жасаған нейрохирург сол кезде мас болған және отадан кейін бірден ауруханадан кетіп қалған.

Фармацевтикалық бақылау департаменті оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өңірлік ішкі істер департаментінде іс қозғалды. Тексеру қорытындысында тиісті пікір білдіреміз деп ойлаймын. Полиция департаменті тарапынан істің мән-жайы айтылған жоқ. Дегенмен, біз өз тарапымыздан маман бердік, — деді Ақмарал Әлназарова.

Фото: pexels.com   


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары