Malim.kz
Спорт

Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында нокаутпен жеңді

Арман Қайыпхан

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.

Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті.

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары