Malim.kz
Спорт

Махмұд Сабырханның екінші некесі: Боксшыға қарсы шабуыл күшейіп кетті (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Sportinside.kz жазуынша, кеше, 31 қазанда белгілі боксшының екінші рет шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желілерде оның қалыңдығы Айғаным Ержігітованың үйлену тойынан түсірілген бейнежазбалары жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Алайда бұл жаңалық спорт жанкүйерлері арасында түрлі пікір туғызды. Көптеген желі қолданушылары Махмұд Сабырханның ресми Instagram парақшасына кіріп, спортшыны сынға алған пікірлер қалдырды.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан бұған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінде Назым Мырзағалиқызы есімді арумен некесін қидырған болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары