Malim.kz
Денсаулық

Медқызметкерлерге тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Арман Қайыпхан

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне бір тоқсанда 1,7 млн теңгеге дейінгі көтермелеу қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мамандарды ынталандыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің жаңартылған жүйесі енгізілді.

«Бұл норматив 2011 жылы енгізілгенімен, ұзақ уақыт бойы қайта қаралмағандықтан тиімділігі төмендеді. Ал 2020–2024 жылдары созылмалы аурулар бойынша шұғыл госпитализация 2–4%-ға артты, соның салдарынан медициналық қызмет шығындары 600%-ға өсті», – деп түсіндірді министрлік.

Жаңартылған нормативтің негізгі мақсаты – профилактикалық жұмысты күшейту, науқастарды ерте кезеңде анықтау арқылы ауруханаға жатқызу санын азайту.

Көтермелеу төлемдері учаскелік дәрігерлерге, медбикелерге, фельдшерлерге және жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге беріледі.

Министрлік ұсынған есептеу жүйесі:

Сонымен қатар, бонус төлемдері қарастырылған (1 бонус = 5 АЕК):

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары